Қош келдің, жаңа жыл!
Бұл бетте «Қош келдің, жаңа жыл!» атты Алпысбай Әбділұлы жазған мерекеге арналған өлең берілген.
Сақалы бар күмістен,
Шапаны бар пүліштен.
Көргенде Аяз атаны,
Алақайлап күліскен.
Жаңа жылды сағындым!
Досқа қарап сүйінген,
Түрлі костьюм киінген.
Тамсандырған талайды,
Әсем ән мен биіммен,
Жаңа жылды сағындым!
Сүйем жылдың бұл шағын,
Жүзімде ойнар нұр сағым,
Жарқыратқан шамдарын,
Біздің әсем шыршаның,
Жаңа жылды сағындым!
Мен сағынған жыл келді,
Жылмен бірге жыр келді.
Аяз ата, ақшақар,
Сыйлық беріп үлгерді.
Жарылқасын жаңа жыл,
Шын қуанып жүргенді,
Шын қуанып күлгенді.
О, алақай, жыл келді!
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі