Бөсербек
Бұл бетте «Бөсербек» атты Алпысбай Әбділұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тым орынсыз бөседі,
Осы біздің Өсербек.
Дүрүлдетіп көшені,
Атанып жүр Бөсербек.
Сөзінің көп қатесі,
Қызық тіпті кинодан.
Бала кезде әкесі,
Ұтыпты оны бингодан.
Өтірікті соққанда,
Бүлк етпейді түрі де-ей.
Жалғыз келе жатқанда,
Мамонт көрген тірідей.
Алты жасқа толғанда,
Шыбық қыпты құрықты.
Жеті жаста болғанда,
Тайсонды өзі ұрыпты.
Көпіреді алаңсыз,
Таңдансын деп ылғи біз.
Өтірікке амалсыз,
Өтірік бас шұлғимыз.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі