Әбігер
Бұл бетте «Әбігер» атты Алпысбай Әбділұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ақ әтештің әнімен,
Жексен таңмен тұрды атып.
Тез киінді алдымен,
Уақытты алмай ұрлатып.
Таппапты ғой тағат та,
Кеше қуып ала доп.
Тартып кетті сабаққа,
Тамақ ішер шама жоқ.
Жаңылмай-ақ жаттапты,
Ынта, жігер, күшімен.
Апай берген тақпақты,
Айтты жолда ішінен.
Алып келді мектепке,
Қай күш ерте Жексенді?
Асығыпты ол текке,
Екен бүгін жексенбі.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі