Неше алды?

Бұл бетте «Неше алды?» атты Алпысбай Әбділұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Шақырды апай тақтаға,
Сабақ айт деп Құралды.
Болды байғұс масқара,
Түк айта алмай «бір» алды.
Ай далаға лепіріп,
Айдар алды «екілік».
Жақсы оқитын Нұрәлі,
«Үш» алдым деп жылады.
Маған сұрақ көп тіпті,
Әрең алдым «төрттікті».
Үздігіміз - Есалы,
Қиналмай-ақ «бес» алды.
Ал ойлан да тауып көр,
Барлық бала неше алды?

(жауабы: 11)


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері