Қанша асық?
Бұл бетте «Қанша асық?» атты Алпысбай Әбділұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ермекте бар екі асық,
Жексенде бар жеті асық.
Тоқсын дейтін әпенді,
Тоғыз асық әкелді.
Басқадан бай Байдолда,
Әкелді асық бір дорба.
Алты асық бар Аспанда,
Он асық бар Оспанда.
Болды саны жүз алты,
Бәрін бірге қосқанда.
Қалмайықшы шатасып,
Сыймай кетті, әй, қолға.
Әкелді өзі қанша асық,
Дорбасымен Байдолда?
(Жауабы: Байдолдада 72 асық бар)
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі