Біздің үйде қанша жан?

Бұл бетте «Біздің үйде қанша жан?» атты Алпысбай Әбділұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Атам, әжем, әкем бар,
Анам, ағам, тәтем бар.
Інісі бар жездеммен,
Сіңілісі бар жеңгеммен.
Үлкен әпкем – Қарақат,
Кіші інім бар Қанағат,
Орын беріп Өнерге,
Мен отырдым төменге.
Ішпек едік түскі асты,
Кіріп келді Ізбасты.
Бір сұрақ бар ал саған,
Біздің үйде қанша адам?

(Жауабы: 15 адам)


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері