Кім күшті, кім әлсіз?

Бұл бетте «Кім күшті, кім әлсіз?» атты Серікбай Оспанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

– Жарыссақ, озып келерің,
Алыссақ, анық жеңерің!
Бәрінен күшті болудың
Айтшы, сен бізге себебін?
– Айтайын оның себебін,
Доп ойнап, шаңғы тебемін.
Қолқанат болып апама,
Отын да жарып беремін.
Ағаларымнан үйренем,
Ән айтып, талай билегем.
Телефонды тек түрткілеп,
Отыра алмаймын үйде мен.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері