Күйші

Бұл бетте «Күйші» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Күй төгіліп көмейден,
Домбырасы сөйлейді.
Шанақ пенен пернеде
Саусақтары билейді.
Сәл-пәл ғана дірілдеп
Домбыраның құлағы,
Екі ішектен күмбірлеп
Ғажап әуен шығады.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері