Әнші балапан

Бұл бетте «Әнші балапан» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Күніміз келді,
Көзіміз көрді,
Ортамыз толды,
Тілекті берді.
Көңілге күй кеп,
Әкетті билеп,
Қанатты қиял
Барады сүйреп.
Үлкен дана да,
Титтей бала да
Соқсын алақан.
Қуант халқыңды,
Шығар даңқыңды,
Әнші балапан!
Айдынды көлім,
Құйқалы жерім,
Ұлы мен қызын
Өсірген елім.
Ашық боп көгім,
Тербелсін егін.
Қазақтың елі –
Отаным менің!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері