Әскери марштар – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Әскери марштар» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3525
Осынау аспан көз жасына малынған,
Осынау орман жаралған тек сағымнан.
Көз жасы емес,
Сағым емес,
Атты әскердің марштары секілді
Жаралғандай дауылдар мен жалыннан.
Щорс әне сүйеніп ат жалына,
Бара жатыр жорық шегіп тағы да.
Толқынымен өлең айтып шуылдап,
Ұзатып сап, ұрады өзен жарына.
Қара ормандар қоштасады, шулайды,
Қыздар байғұс вокзалдарда жылайды.
Қызыл тулы атты әскерлер ағады,
Ағады өзен қанға аралас лайлы.
Алда торлар, алда орлар қазылған,
Ұлы жолда дәтке медет азық-ән.
Атты әскерлер марштарды ойнайды,
Пархоменко қиялымен,
Котовскийдің тұлпарының тұяғымен.
Аманкелді қылышының
жарқылымен жазылған,
Кең далада ұшады өр дауыстар
Айбынынан қалтырайды алыс жар.
Ту боп толқып, жай боп ойнап жарқылдап,
Жер үстінде солқылдайды марштар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әскери марштар өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Әскери марштар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әскери марштар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әскери марштар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері