Өлең, жыр, ақындар

Тәуелсіздік таңы атсын елімде

  • Gulba
  • 15.04.2016
  • 0
  • 6
  • 19028
Тәуелсіздік оңай бізге келген жоқ,
Ұл-қыздарым оны қолдан берген жоқ.
Отан үшін құрбан болған боздақтар,
Ел есінде қалды мәңгі өлген жоқ.

Әрқашанда тыныш болсын түніміз,
Шуақ шашсын ашық аспан күніміз.
Кеше ғана азаттықты аңсаған,
Бүгін міне, ірі елдердің біріміз.

Жалыным бар ешкім оны сөндірмес,
Бұл әлемде қазақ жерін кім білмес.
Қонақжайлы, азат елді, көп ұлтты,
Қазақстан еліне ешкім тең келмес!

Халқым аман, тыныш өмір кешейік,
Елімізді қорғап мәңгі жүрейік.
Бар адамға бір ғана менің тілегім:
Бейбітшілік қасиетін білейік!


Ақтөбе облысы,Мұғалжар ауданы,
Ембі қалалық №7 орта мектебінің
10 «б» класс оқушысы Байжанова Альбина
Жетекшісі: Жулаева Шатгүл Бақытқызы



Пікірлер (6)

Айда

Бул олендер неше турлі болып келді мен тек тәуелсіздік бізге оңай бізге оңай келген жок дегенің алдым

Қайсар

Молодец!

Ақжібек

керемет

Зияда

Керемет

Диана

Халкымаман тыныш омир кешейк уксамаи кетти сурейік деген уйкасады менде осылай олен шыгарам сондыктанда аитп жатр едим бирак кушти олен шыгарган керемет

Лаззат

Керемет кызым маган оте Канады кызыма жаттатып отырмын

Пікір қалдырыңыз

Туған жер

  • 0
  • 6

О, туған жер! Топырағыңнан айналайын,
Байтақ өлкем мен сені аймалайын.
Қастерлі алтын бесік, атамекен,
Мен саған басымды иіп, сиынайын.

Толық

Ей, өмір!

  • 0
  • 0

Өмір деген тұрады ақ-қарадан,
Түсіне алмай, сұраймын мен басқадан.
Кей-кейде сұрай алмай жасқанам,
"Мына өмір не боп барады?"ей,адам.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар