Өлең, жыр, ақындар

Туған жер

  • Gulba
  • 15.04.2016
  • 0
  • 6
  • 8420
О, туған жер! Топырағыңнан айналайын,
Байтақ өлкем мен сені аймалайын.
Қастерлі алтын бесік, атамекен,
Мен саған басымды иіп, сиынайын.

Жасыл бақ орманыңды аралайын,
Мөп-мөлдір суыңа мен шомылайын.
Бұлбұлдай үніңді бір естігенде,
Мен де бірге қосылып, бір шырқайын.

Таза, мөлдір ауаңмен тыныстайын,
Қуат алып, жүрегіммен жылынайын.
Жадырап, жан амалы тербелгенде,
Жайраңдап, рақаттана нұрланайын.

Сен үшін бар нәрсені жаратайын,
Сенің әрбір дүниеңді қызықтайын.
Туған жерді сүймеген адамды мен,
Өмір бойы кешірмей, жазалайын.

Хош иісті гүлдеріңмен жадырайын,
Құшағыма қысып ап таранайын.
Сен әлпештеп өсірген балаң едім,
Күш- қуаттан әрқашан нәр алайын.

Әнім саған әрқашан арналатын,
Жырым "сен" деп күнбе-күн жырланатын.
Басыма бір қиындық туған кезде,
Құпиямды өзіңе ашып, сырласатын.

Туған жер мен өзіңді ардақтайын,
Бір сен үшін барымды мен жыр қылайын .
Туған елім- гүл-көктем, алтын мекен,
Міне, менің бүгінгі айтар жайым.

Ақтөбе облысы,Мұғалжар ауданы,
Ембі қалалық №7 орта мектебінің
10 «б» класс оқушысы Байжанова Альбина
Жетекшісі: Жулаева Шатгүл Бақытқызы



Пікірлер (6)

лейла

оте жаксы шыгырасыз.Ризамын

лейла

Керемет жазгансыз.

Толғанай

Көпқой

Аяжан

өте көп екен

Ернұр

Керемет

Назар

Өте жақсы шыққан ақын екенсіз

Пікір қалдырыңыз

Тәуелсіздік таңы атсын елімде

  • 0
  • 6

Тәуелсіздік оңай бізге келген жоқ,
Ұл-қыздарым оны қолдан берген жоқ.
Отан үшін құрбан болған боздақтар,
Ел есінде қалды мәңгі өлген жоқ.

Толық

Ей, өмір!

  • 0
  • 0

Өмір деген тұрады ақ-қарадан,
Түсіне алмай, сұраймын мен басқадан.
Кей-кейде сұрай алмай жасқанам,
"Мына өмір не боп барады?"ей,адам.

Толық

Қарап көріңіз