Аудан әкімі М.Марайымға

Бұл бетте «Аудан әкімі М.Марайымға» атты Гүлсана Тілеубекова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.05.2016
  • 0
  • 0
  • 2438
Ауданды әкім болып басқарасыз,
Көрінгенмен біреулерге жас бала сіз.
Қыңыр тартқан жандарды әділдікпен,
Шетке ысырып, білеміз тастағасыз.

Төбе би боп, жүре бер билік құрып,
Көңіліңізден көктемдей күйді ұқтырып.
Елге еткен еңбегіңіздің арқасында,
Шардараға жатсын тек сыйлық кіріп.

Шардараны келесіз нұрландырып,
Артыңыздан өмірге із қалдырып.
Түркістаннан келдіңіз төбе би боп,
Қызылқұмға аға жан тұз-дәм бұрып.

Еңбегіңнің ел сүйер арқасында,
Жақсы басшы деп жүр ғой халық осында.
Шардара теңізі мен ерек бізге,
Орын алған Қазақстан картасында.

Жүргеннен соң әкім боп ел басқарып,
Қалаймыз жақсы істердің жалғасқанын.
Марғұлан аға алда да жолың болып,
Асығынан тұрсын тек алдаспаның.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аудан әкімі М.Марайымға өлеңінің авторы кім?

Гүлсана Тілеубекова — осы өлеңнің авторы.

Аудан әкімі М.Марайымға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аудан әкімі М.Марайымға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Гүлсана Тілеубекова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аудан әкімі М.Марайымға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері