Отырар кітапханасы

Бұл бетте «Отырар кітапханасы» атты Мұхтар Шаханов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.06.2016
  • 0
  • 14
  • 26556
Тек қарынның байлығына сенген елдiң соры бар,
Көне тарих сабақтары бiзге мойын бұрғандай.
Отырарды ғаламда жоқ жазба кiтап қоры бар,
Өткен заман елестерi әлi қоршап тұрғандай.
Қайырмасы:
Көзсiз зорлық ғасырынан,
Надандықтың тасырынан,
Жер астына жасырылған
Дара тұлға бабалардың ұшқыр ойы, санасы.
Ұяттыны толғандырған,
Қанаттыны заңғар қылған,
Күллi әлемдi таң қалдырған,
Рухыңмен қолда бiздi
Отырардың ұлы кiтапханасы!
Өмiрiмiз күнде күрес, қайшылығы тiптен көп,
Неге төмен қиратқыштан мейiрбанның атағы?
Шыңғыс ханның iзгiлiкке шабуылы бiткен жоқ,
Зұлымдықты мадақтау да зұлымдыққа жатады.
Қайда барсаң жеке мүдде жеңiсi үшiн алқыну,
Таптыра ма құмға сiңген зор парасат дастаны?
Басты мақсат - Фарабилер биiгiне талпыну,
Рухы жоқ бiлiмдiден қоғам шаршай бастады.


Пікірлер (14)

Балмекен

Өте керемет!

Айзере

Осы өлеңді қара сөзге айналдыра аласыздар ма?

Іңкəр

Иә айналдыра аламын. 5000 тг

Әлия

Осы туралы қара сөздер жоқ па ?

Айгерім

Осы өлеңді кім қара сөзге айналдыра алады

Айгерім

5000тг неге қымбат

Дильназ

қара сөзге айналдырып берініздерші өтінем

Жанерке

Неге 5000 тг???

Жанет

Не деген керемет

Інжу

Отырарда кітапханасы М.Шахановтың өлеңін қара сөзге айналдырыңышы

ЖАНАБЕКОВ ЖАНТӨРЕ АУЕЗХАНҰЛЫ 5 А

Жақсв

ЖАНАБЕКОВ ЖАНТӨРЕ АУЕЗХАНҰЛЫ 5 А

Жақсы

ЖАНАБЕКОВ ЖАНТӨРЕ АУЕЗХАНҰЛЫ 5 А

Жақсы екен керемет

Айасем

Жақсы көшті осыны жатғанымын үшін 1орын алдым

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Отырар кітапханасы өлеңінің авторы кім?

Мұхтар Шаханов — осы өлеңнің авторы.

Отырар кітапханасы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Отырар кітапханасы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мұхтар Шаханов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Отырар кітапханасы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері