Тыңдашы, жан досым-ай – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Тыңдашы, жан досым-ай» атты Фариза Оңғарсынова жазған достық туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 21.07.2016
  • 0
  • 1
  • 13327
Тыңдашы, жан досым-ай,
біз енді жүреміз бе мәңгі осылай:
екі жақта жалғыздан жылап, күліп,
бірімізге біріміз құлақ түріп,
сырттай мәз боп көрініп, іштен жылап,
жоламауға тырысып күшпен бірақ,
мен сені ойлап елжіреп, сен де мені,
екі жүрек қашанғы сенделеді,
ұмыта алмай, аһ ұрып, дара жүріп,
жат құшаққа тығылып пана ғылып -
сен сияқты жарқылдап жүрем мен де
ағайынсып, доссынып біреулерге,
жанымызға солардай ең керегі,
толатындай көңілдің келте жері...
Еске салып сол кезді есер жүрек,
жын соққандай қаламыз есеңгіреп.
Бұл жақындық тағдырмен келген еді,
мүмкін емес оны ешкім емдемегі.
Бөлектейтін арман жоқ жеке бізде,
түскенменен басқа жол, бөтен ізге...
Жүрек жасты жетімдей. Шынымен біз
осылай кетеміз бе?..


Пікірлер (1)

Меруерт

Жан апам неге өзін көп тежеген,қайран намысшыл апатай!!!!!

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тыңдашы, жан досым-ай өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Тыңдашы, жан досым-ай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тыңдашы, жан досым-ай өлеңі не туралы?

Бұл шығарма достық туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Тыңдашы, жан досым-ай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар