Шын бақ қайсы? Күншіл кім?

Бұл бетте «Шын бақ қайсы? Күншіл кім?» атты Шәкәрім Құдайбердіұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.04.2015
  • 1
  • 2
  • 14009
Бай, ұлық, жуандарды бақты көрмек,
Ол мисыз шолақ оймен баға бермек.
Анық бақ деп айтарлық үш нәрсе бар:
Кірсіз ақыл, мінсіз сөз, адал еңбек.

Бұл үшеуі біріксе, сорды жоймақ,
Шын бақ осы деп бұған ақыл тоймақ.
Бір адамға мұндай бақ біте қалса,
Өзімшіл көп күншілдік көзін оймақ.

Жарқанат жек көреді күннің нұрын,
Күншілдің ұқсатамын соған түрін.
Өзге жанға біткенін ұнатпайды,
Әлгі айтылған бақтардың бірде-бірін.

Өзімшілдің іші тар, ойы шартық,
Ала алмас ол біреудің бағын тартып.
Күндейді деп күн нұры жоғалғанша,
Мың жарқанат соқыр боп қалғаны артық.


Пікірлер (2)

Гаухар

Не деген ужс если честно, 4-ақ шумақ?! Бұл өзі точно Шәкәрімдікі ма?

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шын бақ қайсы? Күншіл кім? өлеңінің авторы кім?

Шәкәрім Құдайбердіұлы — осы өлеңнің авторы.

Шын бақ қайсы? Күншіл кім? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шын бақ қайсы? Күншіл кім? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шәкәрім Құдайбердіұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шын бақ қайсы? Күншіл кім? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері