Өлең, жыр, ақындар

Талай ару үміт іліп ақ таңға...

  • 13.09.2016
  • 0
  • 1
  • 7667
Өмір мәні десіп жұрттар біледі -
Бұл ғасырдың жаңалығын құп алу.
Содан ба екен, күні-түні - үнемі
Интернетте отыратын бір ару.
Соны қалап тұрушы еді жүрегі,
Бар деректі ол осыдан таба алды.
Сондықтан ба қол босаса үнемі
Көп қоятын интернетке сауалды.
Соған ғана ілесіп ап ой-сана,
Дейтін ару ғаламторға: "Жарадың!"
Өйткені қыз қандай сауал қойса да,
Тауып бере қоятұғын жауабын.
Бар керегін тауып берді интернет,
Алақанға салып берді интернет.
Сауалының жауабын көз алдына
Дөңгелентіп алып келді интернет.
Ертеңімде, - дейтін ару, - атақ, бақ,
Тастамады ғасыры оны шеткері.
Мәз болды қыз алақанын шапаттап:
"Интернеттің білмейтіні жоқ" деді.
Түсті де еске бірде арман-ой дерегі,
Отырды да ару жанын күй тербеп:
"Мен бақытты боламын ба?" деп еді,
Бірақ жауап бере алмады интернет.
Бағалайтын өз заманын, уақытын,
Қыз еді ол да ғасырының көктемі.
Әйтсе де оның болжауға қыз-бақытын
Ғаламтордың мүмкіндігі жетпеді.

***
Бақыт пен арманнан қол үзбеген қыз,
Сұлулықтың шырайын жүзге кіргіз.
Тағы да көктеміңді қарсы алдың ба,
Өмірден Төлегенін іздеген қыз.
Жыр деген жүрекке сыр қосатын үн,
Бермей жүр ме жанға арман аса тыным.
Қозы Көрпеш жолықсын бұл көктемде
Қыз жүректің құлыбын ашатұғын.
Кездесті ме өмірден күнде өткелің,
Шаттанып кез шаттықтың гүл бөктерін.
Алау гүлді алқапта ән шырқатып,
Серіңді жолықтырсын бұл көктемің.

***
Қалса дейсің Арудың жүрегінде жалынды із,
Жауламасын бірақ та, жауламасын жанын күз.
Көрінеді десек те сыңары жоқ аққудай
Асылы жоқ өмірде, ғашығы жоқ ару қыз.
Махаббатпен қашанда бойжеткеннің бағы асар,
Қыз қиялы арманға үмітпенен жанасар.
Табиғаттың тамаша қос кептері секілді
Ару қыздың жанында сыршыл жігіт жарасар.
Жасамайсыз, әрине, барлықты әр кез жоқтан сіз,
Махаббаттан сорды да, бақытты да тапқан қыз.
Мұң шалса да қаншама сезімінің көктемін,
Үмітінің желкені желбірейді тоқтаусыз.

***
Алаулаған жүзде нұры ойнаған,
Сол аруда мұң бар деп кім ойлаған.
Бірде шат жүз, бірде бір сәт ойлы адам,
Қыз сырына кім бар терең бойлаған.
Сұлу еді сүрмесіз де, далапсыз,
Мұң сырғасын бойға кейде тағад күз.
Үмітпенен болашаққа қарап қыз,
Күтуші еді өз бақытын тағатсыз.
Сездірместен сезім сырын шеккенін,
Қалап жүрді жанға шуақ төккенін.
Талай ару үміт іліп ақ таңға,
Күтіп жүр ғой бақытының көктемін.



Пікірлер (1)

анна

өте жақсы екен.

Пікір қалдырыңыз

Ананың бөбегіне тілегі

  • 0
  • 0

Бүгінгі күн ерекше күн, ерек күн,
Сәбилердің күлкісі де бөлек тым.
Бүгінгі күн ата-ананың үміті
Шаттық тойы былдырлаған бөбектің.

Толық

Ана тілегі

  • 0
  • 0

Аға-інінің бауыры едің, гүлім сен,
Бойжетіпсің, ой түбіне үңілсем.
Қызым менің, жаңа өмірге жол салдың,
Баққа ұмтылып бара жатсың бүгін сен!

Толық

Алғашқы қоңырау

  • 0
  • 0

Киімі де, сөмкесі де көркем-ді,
Білім жолда арманы асқақ желкен-ді.
Мектебіне бара жатыр ұлтыңның
Әлиханы, Ахметі ертеңгі.

Толық

Қарап көріңіз