Пасық байларға – Міржақып Дулатұлы

Бұл бетте «Пасық байларға» атты Міржақып Дулатұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.10.2016
  • 0
  • 1
  • 11073
Бай болсаң мақтанып,
Тыраштанып, баптанып.
Басқаны жау көріп,
Өзінше сақтанып.

Арамнан мал жиып,
Қайыр, зекет бермейді.
Ғарып мүскін кездессе,
Көзін жұмып көрмейді.

Рақымсыз қатаңдар,
Жетім-жесір көрінсе,
Кеудеңменен қағасың.
Құдайдың сүймес құлы деп,
Пақырға жала жабасың.

Бар мақсаты алдында,
Ұрлық, қулық, барымта.
Шақырам деп тәртіпке,
Момынды сорады салтында.

Қолы бос қазақ жұмыстан
Қара қарға секілді.
Шуылдасып тұс-тұстан,
Бастарын қосып алыстан.

Қорқамын қазақ ғұрпынан,
Гуілдесіп-күпілдесіп,
Бір сөзінде түйін жоқ,
Тұрып кетер артынан.


Пікірлер (1)

Дана

Өте керемет өлең????

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Пасық байларға өлеңінің авторы кім?

Міржақып Дулатұлы — осы өлеңнің авторы.

Пасық байларға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Пасық байларға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Міржақып Дулатұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Пасық байларға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері