Әкеге

Бұл бетте «Әкеге» атты Ерлан Ахмет жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Асқар тау шыңым әке,
алыстан тұлғаланған.
Төгемін сырымды, әке,
тұңғиық жыр ғаламнан.
Тағдырдың сындарына
жасымас қырандайсың.
Әлемнің гүл бағына
қорған боп тұрғандайсың.

Алатау шоқтығы тәрізді
шашыңды ақ шалып қалған ба?
Жалғыз сен жалғанда жаны ізгі,
қанатым қақтырған арманға.

Бұлақтай сарқыраған
жарқын жан өзің едің.
Көгімде жарқыраған
жұлдыдай сезім едің.
Мұң басқан шақтарымда
құшағың сағындырған.
Мен үшін сақтадың ба,
жаралған жаның нұрдан?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әкеге өлеңінің авторы кім?

Ерлан Ахмет — осы өлеңнің авторы.

Әкеге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әкеге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ерлан Ахмет өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әкеге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері