Бұл бетте «Әкеге» атты Ерлан Ахмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Асқар тау шыңым әке,
алыстан тұлғаланған.
Төгемін сырымды, әке,
тұңғиық жыр ғаламнан.
Тағдырдың сындарына
жасымас қырандайсың.
Әлемнің гүл бағына
қорған боп тұрғандайсың.
Алатау шоқтығы тәрізді
шашыңды ақ шалып қалған ба?
Жалғыз сен жалғанда жаны ізгі,
қанатым қақтырған арманға.
Бұлақтай сарқыраған
жарқын жан өзің едің.
Көгімде жарқыраған
жұлдыдай сезім едің.
Мұң басқан шақтарымда
құшағың сағындырған.
Мен үшін сақтадың ба,
жаралған жаның нұрдан?!
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі