Неге біз осы...?
- 3
- 0
Армандаудан қорқамыз,жетпейміз деп,
Жеңістен де қорқамыз,жеңбейміз деп,
Қорқыныш пен үреймен өткен күндер,
Көлеңкесі бақытты түңілдірген.
Бұл бетте «Ғашық болғым келеді» атты Ақерке Амангелды жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Erkalamger
Ғашық болу - ойланбай отқа бару,
Ар мен сезім дауына, сотқа бару.
Ғашық болу - сабылып, іздеу екен,
Жүрегіңде тұтанған шоққа дәру.
Ынтық болсаң, алаулап, жанасың ғой,
Бар рахатты сол жаннан табасың ғой.
Сезім, шіркін, үйіріп әкеткенде,
Өз-өзіңді танымай қаласың ғой...