Неге біз осы...? – Айбану Бақберді

Бұл бетте «Неге біз осы...?» атты Айбану Бақберді жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Армандаудан қорқамыз,жетпейміз деп,
Жеңістен де қорқамыз,жеңбейміз деп,
Қорқыныш пен үреймен өткен күндер,
Көлеңкесі бақытты түңілдірген.

Әлденені ойлаймыз,болса екен деп,
Сөйте тұра,құлаймыз бос қиял деп,
Сөнген оттың шоғы емес,күлі болып,
Қара ойдың құдығына құлап түсіп,
Дейміз ғой "үміт жоқ,бұл да бекер ".

Неге біз "болады" деп үн қатпаймыз?!
Жасырынып,тығылып,сыр сақтаймыз.
Шырмауыққа оралған тынысты біз,
Жоқ қылып,тұншықтырып,бұғаттаймыз.

Қанша жан бар жалғанда ойы жарқын,
Аша алмайды тың ойын,асу бағын.
Өткен күннің өткелінде қалып қойып,
Болашаққа ұмтылмаймыз,қанат қағып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Неге біз осы...? өлеңінің авторы кім?

Айбану Бақберді — осы өлеңнің авторы.

Неге біз осы...? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Неге біз осы...? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айбану Бақберді өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Неге біз осы...? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар