Сенiң ғана...
- 0
- 0
Сенiң ғана көзiңе қарағым кеп,
Аса алмаймын əдептен амалым жоқ.
Сөзбен айтып болмастай,
Өн бойымда
Бұл бетте «Біреулер» атты Гульнур Акижанова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сенiң ғана көзiңе қарағым кеп,
Аса алмаймын əдептен амалым жоқ.
Сөзбен айтып болмастай,
Өн бойымда
Құдайым-ау,
Маған келген қандай бақ?
Албырт сезiм алабұртты қанда ойнап,
Көңiлiңнен көл iздедiм көл-көсiр,
Мұздап барам,
Түнерiңкi түрiң-ай мiз бақпаған!
Жiгiт шiркiн жiгiт пе,
Мақпал түнде
Жаныма сəуле сеппедi жаңа Айдың бəрi,
Арайлым кəнi, құдай-ау, арайлым кəнi?
Сал бөксе сабыр салмағын санама салды-ау,
Сəуiр келсе де ерiмей самайды...
Қол созғанмен жете алады Күнге кiм?
Шер буғанда шағушы едiм гүлге мұң. . .
Кiндiгiне сырға таққан қыздардың
Түндiгiнен Ай қарай ма, бiлмедiм.
guka1988
Қазақ елі қайдасың, пікір қайда,
Сіз сыйлаған береді үтір пайда.
Шакенқызы Е
Өлеңнің тақырыбы өте ауқымды ашылған.Өте тамаша өлең деп ойлаймын.Ішінде өмірден алынған қаншама сəттер бар.