Ештеңеге көңілім тұрақтамай
- 0
- 0
Ештеңеге көңілім тұрақтамай,
Сезімімнің елігі лақтамай.
Қызықтырмай жүр мені көктемдегі
Бүршігінен бал тамған шуақ маңай.
Бұл бетте «Адаспайық бауырлар!» атты Гүлбар Муфтахова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ештеңеге көңілім тұрақтамай,
Сезімімнің елігі лақтамай.
Қызықтырмай жүр мені көктемдегі
Бүршігінен бал тамған шуақ маңай.
Топшысы опырылып қаршығамның,
Жанымды жастайымнан жаншыған мұң.
Содан да болар бәлкім мен өзгеше,
Сен түсінбес тұңғиық жан шығармын.
Бұл өмірді өтетін құйын дедім,
Таусылған жоқ әзірге сыйым –демім.
Қазамын деп әуремін құмнан құдық,
Тарықтырған тағдырым қиын менің.
О, тағдыр, керек емес тосқауылың,
Өмірлік қайғы емес, басқа ауылым.
Бұлбұлдың жүрегімде ұясы бар,
Жібіткен мейірсіздің тас бауырын.
Маңдайымды тіредім жақ таянып,
Өткен күнім өртеніп жатты оянып.
Ешкім мені іздемес баяғыдай,
Күндер өтер тағы да оқтай ағып.
Түнді кінәла, бәрібір күнді кінәла,
Бұл өмірдің қалады сұмдығы ғана.
Ерегіскенде не табам пиғылы жатпен,
Болғаннан соң жүрегі, кіндігі қара.
Модератор
Маңызды ескерту: Авторы өзіңіз болсаңыз - авторы өзім дегенді таңдау керек.
gulbarmuftakhova
Редактирование жасап өзгерттім,қабылданады ма?
Модератор
Барлығы дұрыс.
gulbarmuftakhova
Рахмет көп-көп!