Мұқағалиға арнау
Бұл бетте «Мұқағалиға арнау» атты Комекбаева Фариза жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
«Ақынмын» деп тарсылдатар кеудесін,
Мені жұртым, мейлі, «ақын» демесін.
Жазғаныма сын айтып, ұнатпасаң
Кешіріңдер, Мұқағали емеспін.
Мұқағали емеспін, бұйырмаңдар айыпқа,
Бірақ біздің жанымыз бір «өлең» атты қайықта.
Жасырамыз бар сезімді «жүрек» атты қайыққа
Қағаз бенен қолымдағы қалам куә
Ашылмаған жүректегі жайытқа.
Мұқағали емеспін, Райымбекті жырлаған,
Емеспін мен «ақынсымақ»,өзге жырын ұрлаған.
Бірақ та мен үнемі шабыт алып,
Сол Мұқаңның өлеңімен нұрланам.
Мұқағали бар әлемді уатқан,
Сәби болып бар әлемді қуантқан.
Жапырақ жүрек,жас қайыңды дүр сілкіп
Замананы бір көтеріп шулатқан.
Бала шақтан болашаққа аттанған,
Аққулары Жетім көлде шаттанған.
Қазақ рухын асқақтатып аспанға,
Райымбекті жырға қосып мақтанған.
Өткен өмір толы болды азапқа,
Жетелеген қазақ халқын ғажапқа.
Жүректерді тербеген өлеңімен
Мұқағали дара тұлға қазақта!
Керемет тамаша
Талабына Нур жаусын тамаша
Керемеет???? молодец, Фариза!
Керемет!
Өлеңің ерекше стильде жазылған екен, маған ұнады) шығармашылық табыс тілеймін саған!
Молодец Фaризa! aлгa!
Керемет екен. Арыгарай шабыттана бер
Сөз жоқ керемет! Еңбегіңің жемісің көр. Тек алгаа!!!!!
Ақын болған соң дұрыс жазада білу керек . Қазақсызба қазақша шрифпен дұрыстап жасу керек шығар сізге!
farizakomekbaeva, өлеңді өңдеп қойыңыз, кері жағдайда сайысқа қабылданбайды
Мұқағали емессіз білеміз, ол қазақ әріптерін дұрыс қолданар еді)
Қазақша жазсаң игі еді. Бірақ өлеңің жаман емес.
оте жаксы манерли де терен магынвлы жарасын
Тамаша жарайсың Талабыңа нұр жаусын киелі Қордайдың атын шығара бер!
Тамаша талабың өссін. Кеиелі Қордайдың атын шығара бер.
Керемет жас казактын акыны мукагалидин атагын шыгаратын кишкентай акын
Өлең мазмұны дұрыс, бірақ ұйқаспайді.
Керемет екен. Өнерің өрге жүзсін
Кушті
жәрайсыз