Мен қазақпын!!!
Бұл бетте «Мен қазақпын!!!» атты Тоқтарқанова Дана жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мен қазақпын,атам қазақ баласымын,
Құлашын сермеп,кеңге жайған бар асылын.
Бабалардың тұяқ етіп қалдырған,
Жақсылардың сынығы,жалғасымын.
Қабанбайдай батырлардың өр рухты ұрпағымын,
Ақжүністей арулардың көлге біткен құрағымын.
Кешегі өткен Фаризадай апалардың
Бәйге шауып,жүлде алған тұлпарымын.
Елім бар деп мақтанамын,шаттанамын,
Алыс жолға, белестерге аттанамын.
Өлең болып жыр жолына жазыламын,
Сарын болып сары әнге де салынамын.
Мен де бір байтақ дала еркесімін,
Әкем-Алтай,Шешем менің-ерке Есілім.
Туған жерім-тарихымның шежіресі,
Жүрегімде жазулы тұр Ұлы есімің!
Үміт артқан болашақтың іргесімін,
Халқымның «қызы»деген тіркесімін.
Елімнің жан-дүниесінен шырқалатын,
Ұран болсын «Қазақ» атты Құтты есімім!
Авторы: Тоқтарқанова Дана Русланқызы
Елім,жерім деп жырлайтын осындай жастарымыз көбейсін! Қазақтың атын әлемге әйгілі ететін өзіңдей ақынжанды ұрпағымыз көбейе берсін! Жолың ашық болсын,өнерің өрге жүзсін сіңілім!
Рахмет! Əмин!
Өлеңдеріңіз өте тамаша екен.Шабытыңыз шарықтай берсін!!!
Рахмет! Əмин! Айтқаныңыз келсін
Жарайсың!!!!