Махаббат пен мейірім
- 0
- 0
Қарсы алумен марғау әрбір таңымды,
Тарпаң тағдыр талағанда тәнімді.
Махаббат пен мейірімге бөледің,
Жапырақтай қалтыраған жанымды.
Бұл бетте «Гүл алып» атты mermukhanov жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қарсы алумен марғау әрбір таңымды,
Тарпаң тағдыр талағанда тәнімді.
Махаббат пен мейірімге бөледің,
Жапырақтай қалтыраған жанымды.
Тазарсын мынау көңіл кір,
Сіркіре көктем төгіл бір.
Сағыныштан тұрады,
Мендегі мұңлы өмір кіл.
Ақ бұлттарға оранып ап түсімде,
Шексіздіктің әлемнің ішінде.
Жүрегімді шомылдырып шуаққа,
Ғұмыр кешем бұлдыр қиял пішінде.
Болашаққа біздер солай жол алдық,
Аппақ, адал сезімдерді обал ғып.
Бұлдыр-бұлдыр елестерді қуалап,
Бұйра-бұйра бұлтқа сіңіп жоғалдық.
Күлімдеп қауашақ ашатын,
Жұпарын жар сала шашатын.
Гүлдердің қып-қысқа тағдыры,
құшағын көктемге ашатын.
Шексіз сезім құшағында тербелдім,
Қиялымның әлеміне сен келдің.
Бозғылт тұман арасынан қол бұлғап,
Боз үміттің соңына еріп сенделдім.
Інжу
Авторының аты қандай?