Туған жер
- 0
- 0
Атыңды жаттап өскен жастан адам,
Туған жер, ыстықсың-ау басқалардан.
Өзiңнен сәл биiктi көрсем болды,
Өлеңмен әр төбеңе тас қалағам.
Бұл бетте «Ауылды аңсау» атты Таңсəуле Əгенқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ұрандатсақ жас кезде – маздайықшы,
Көңiл қайтқан мiне ендi, жаз тайыпты.
Жалыны жоқ, жүректе шоғы қалған,
Көкiректе қоздайды саз байыпты
Қызықты ма Атырау айдынына,
Қайдан көшiп, кереге жайды мұнда?
Апырым-ай, не деген ырыс едi,
Жаным жайлау, орын жоқ қайғы-мұңға!
Талақ қылдым, несiне жасырайын,
Боқтап берген құрысын насыбайың.
Кiсiлiктiң жағдайын ойлағанда
Қалай ғана желкенi қасымайын?!
Нұрлан Хасиханұлы
Қарындас сəттілік!
Ойшыл өлеңдерің оқырман қауымның жүрегіне жете берсін...
Ақын Көкше.
"Өнер алды қызыл тіл" және " Өлең сөздің патшасы" деп жатады ғой. Осылай өте бір кербез өнердің құлағын ұстап жүрген жайың бар екен. Меніңше әрі қызық әрі қиын өнер, тілекшімін.Өз басым жазу-сызуға қатысым жоқ жанмын ғой. Әйтсе де бұл өте тамаша жазылған деп ойлаймын.
Асылбек
Керемет өлең!
Aika1508
Туған жердің топрағына ештеңе де жетпейді????????????????
Нұрым
Керемет! Әдемі!!!!