БАҚЫТТЫ ӨМІР, ОЛ - БҮГІН – Нұрлыхан Сейтханов

Бұл бетте «БАҚЫТТЫ ӨМІР, ОЛ - БҮГІН» атты Нұрлыхан Сейтханов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Бақытты өмір, ол - бүгін,
Бірдей болған өң-түсің!
Ертеңгі күн - елес күн,
Көңілді өтсін бір күнің!

Бақытыңа бастайтын,
Жақсыға жоры түсіңді.
Ертеңге артар үміт көп,
Бағаласаң әр күнді.

Қолыңда тұрған Бақытты,
Жоғалтып сен алмағын.
Өткізіп ап уақытты,
Өкінішке қалмағын.

Бағаласаң әр сәтін,
Бақытты болар әр күнің!
Ертеңгі күн - елес күн,
Бақытты өмір, ол - бүгін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

БАҚЫТТЫ ӨМІР, ОЛ - БҮГІН өлеңінің авторы кім?

Нұрлыхан Сейтханов — осы өлеңнің авторы.

БАҚЫТТЫ ӨМІР, ОЛ - БҮГІН өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

БАҚЫТТЫ ӨМІР, ОЛ - БҮГІН өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұрлыхан Сейтханов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

БАҚЫТТЫ ӨМІР, ОЛ - БҮГІН өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері