Мәуліт күні – Махамбетәлиева Зере

Бұл бетте «Мәуліт күні» атты Махамбетәлиева Зере жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Әлек болар барлығы таппай тыным,
Күн сәулесі шапағат,жайған нұрын.
Ең ерекше күн бүгін білесізбе?
Себебі туған күні Пайғамбардың!

Бәріміз Пайғамбардың үмбетіміз,
Оны ұлықтау біздердің міндетіміз.
Тура жолды нұсқаушы Пайғамбарды,
Жақсы көру парыз бен міндетіміз.

Жазылған өлеңім бұл жерде қалмай,
Тыңдайды мұсылман дос,жаранымыз.
Қаншама рет айтқанмен толастамас,
Сан салауат,тіпті айтқан мадағымыз.

Берік болып жүрейік дінімізге,
Шүкір айтып өткен әрбір күнімізге.
Мұсылманның барлығы туысқандар,
Қамқор болып жүрейік бірімізге.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері