Көп артық

Бұл бетте «Көп артық» атты Насыреддин Қожырбайұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жалқау болып жатқаннан,
Жүгіріп жүрген көп артық.
Түнеріп тұрған күніңнен,
Ағарып атқан таң артық.

Есік жақта қалғаннан,
Шалқайып жатар төр артық.
"Буынсыз пышақ салғаннан",
Үнсіз жүрген көп артық.

Мың асқанға бір тосқан,
Байлық жинап құр бостан.
Қызығын көрмей кеткеннен,
Місе тұтып аз затқа,
Ілінбей жазмыш қармаққа,
Жарлы болған көп артық.

Түисікпен сезіп білмесең,
Айтқанды бірден ілмесең,
Көсіліп сөилеп көсемсіп,
Ақыл айтып елге сен,
Көк мылжың болып жүргеннен,
Жарамсыз затты білгеннен,
Топас болған көп артық.

Тәуекел жасап бел шешіп,
Кіріспесең әр іске,
Шоқпарды ауыр қыстырмай,
Адал жанды ығыстырмай,
Бетегеден биік күн кешіп,
Тынышыңа жүрген көп артық.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көп артық өлеңінің авторы кім?

Насыреддин Қожырбайұлы — осы өлеңнің авторы.

Көп артық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көп артық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Насыреддин Қожырбайұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көп артық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері