Құсайын өлеңдерінен
- 0
- 0
Айрылдың қайран қазақ Есіліңнен,
Қарекет жиған-терген несібеңнен.
Тірідей бозбаланы жау әкетті,
Болды екен әлдекімнің кесірінен.
Бұл бетте «Саудың сандырағы» атты Ілияс Жансүгіров жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Айрылдың қайран қазақ Есіліңнен,
Қарекет жиған-терген несібеңнен.
Тірідей бозбаланы жау әкетті,
Болды екен әлдекімнің кесірінен.
Айттым да өтірік өлең жұртқа жақтым,
Қой қылып құмырсқаны жаздай бақтым.
Айғырын құмырсқаның ұстап бағып,
Қой тастан адыр-адыр түлкі қақтым.
От жақтырды жауратып
Шыңылтар күзгі тымырсық.
Маздаған от болмаса,
Кемпір мен шал ыңырсып.
Сылдыр-сылдыр су сылдырар бұлақтан,
Тәңірі ме екен тауды-тасты жылатқан
Анда-санда көңіл айтып «Көк!» Көк!» деп,
Шығар даусы көкектің де жұбатқан.
Амина
Осы оленды жарыска жаттап жатырмын енди бас жулде аламын деп ойлаймын????