Қалмады сөзде қадір, тілде кие – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Қалмады сөзде қадір, тілде кие» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 30.03.2018
  • 0
  • 0
  • 8945
Қалмады сөзде қадір, тілде кие,
ер сиқы болар дейтін іргеге ие:
би – мылқау, халық – аңқау, жігіт – сидаң,
көсемдер бірде бие, бірде түйе.
Кейбіреу кердеңдейді күнде байып,
сол байлық тексізге ме – кімге лайық?
Күштілер кісі өлтірсін – Күндей таза,
адалдың тұрғаны – айып, жүргені айып.
Сыйыспай кең аспанға, кең далаға,
біреу жүр ер болам деп елде дара.
Әңгіме қоғамда емес, қоғам деген –
жасырар билік құлқын перде ғана.
... Сен бірақ көрме ештеңе – жерге қара!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері