Мен осы не істесем екен бүгін?

Бұл бетте «Мен осы не істесем екен бүгін?» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.03.2018
  • 0
  • 0
  • 7323
Мен осы не істесем екен бүгін?
Жатқандай мәнсіз өтіп бекер күнім.
Жүйріктің құйрығындай ғұмырымда
жанымды жаңбырлатқан жетер мұңым!
Жалғанды жарқыратып күміс қары,
тағы бір жыл-жапырақ тұр ұшқалы.
Бұл күнге жетпей кетті қаншама адам,
қанша жан бір-бірімен ұғыспады.
Осының бәрінен бір сабақ алмай
жүруім қате менің тағы адамдай.
Дүниеге жүрегімнің бар қызуын
шашсам ба, өз-өзімнен дараланбай?!
Әлде мен іні-сіңлі — жас қайыңға
аппақ қар ақ сезімдей жақсы айымда
Төлеген, Мұқағали армандаған
бір тойды дүрілдетіп бастайын ба?!
Өмірдің кеше алмаған кең өткелін
жақсылар жүретіндей жебеп керім.
Солардың барлығы үшін
бұл жалғанда
бір жарқын іс қылуым керек менің!
Отырған құсқа ұқсамай торда шерлі,
ертіп ап ән мен жырға жолдас елді,
қар басқан Алатауымның көкірегін
думанға толтырмасам болмас енді!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен осы не істесем екен бүгін? өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Мен осы не істесем екен бүгін? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен осы не істесем екен бүгін? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен осы не істесем екен бүгін? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері