Ғылым

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 16.04.2015
  • 1
  • 4
  • 66489
«Ғылымдар дүниелік сиқыр болмақ,
Оқыған ол ғылымды кәпір болмақ».
Зулатып шариғатты шарт жүгініп,
Молдекең отырғанда мойнын толғап.
Сондықтан заман жүйрік, біздер шабан,
Артында ілесе алмай жүрміз әман.
Күн сайын өзгеріліп, өнер артып,
Бәрі де бара жатыр алға таман.
«Заманың түлкі болса, тазы боп шал» —
Деген сөз аятпенен бірдей маған.
Алақтап артымызға қарағыштап,
Жүргенде-ақ озып, ұзап кетті заман.
«Нәрсені түске енбеген өңде көрдік,
Соларды тапқан — ғылым» дейміз жаман.
«Ғылым» деп нені үйрендік біздер жаста,
(Айтқаным бекер болса, алмай таста!
Табылар ақтайтын да, боқтайтын да,
Сөз емес арнап жазған дос пен қасқа...)
Әйелмен пәлен бар деп жанасқанда,
«Пәлен» деп ұйқысырап адасқанда,
Үйрету балаларға қандай жақсы,
Ақылға салып, ойлап, бал ашқанда.
Мектепте оқымаған білмей жүр ғой
Жердегі мал — мақұлық, құс аспанда.
Айтамын молдекең жоқ оңашада,
Сөз бермес «кәпірсің» деп таласқанда.
Жазған сөз жаным ашып алашыма,
Алаштың адасқан аз баласына.
Қаннан қан, еттен етім, бауыр жұртым!
Қараған «Қаратаудың» қаласына.
Іші лас, сырты таза залымдардың
Алданып құр сыртының тазасына.
Мәз болып байғазы алған балаларша
Сатылып жылтыраған танасына.
Әбілдің1 зияратын аттап өтіп,
Қабылдың бата қылма моласына,
Қорыққанға қос көрініп, қойдай үркіп,
Тығылып тажалдың бұтханасына,
Ес кетіп, сабыр қалмай, сасқалақтап,
Қорыққаннан көзің сыймай шарасына,
Ұмытып Құдайды да, құранды да,
Бас ұрма ләнат-манат2 ағашына.


1 - Діни аңыздың кейіпкерлері.
2 - Қарғыс мағынасындағы айтылған ұғым.


Пікірлер (4)

Канагат

Күшті

Оте жаксы

Оте жаксы

Омарали

«Ғылым» атты шығарманы оқып шыққанда білімге, ізденіске және ғылымға деген терең құрмет сезімі ерекше көзге түседі. Автор ғылымның адам өміріндегі рөлі мен оның қоғам дамуына қосатын үлесін айрықша көркем тілмен жеткізеді. Мәтін барысында ізденушілік, терең ой, еңбек пен білімнің маңызы туралы ойлар табиғи әрі түсінікті түрде берілген. Осылайша өлең оқырманды білімге ұмтылуға, ғылымды бағалауға және оқудың маңызын түсінуге шақырады, бұл әркімнің жеке тұлғалық және қоғамдық дамуына үлкен әсер етеді.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ғылым өлеңінің авторы кім?

Ахмет Байтұрсынұлы — осы өлеңнің авторы.

Ғылым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Ғылым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ахмет Байтұрсынұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ғылым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері