Алқарай-гөк – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Алқарай-гөк» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1281
Дария ағып жатқан суда мін жоқ,
Қайуан өлдім дерге малда тіл жоқ.
Құрбылар тіршілікте ойна да күл,
Бұл дәурен екі айналып келмегі жоқ.

Қайырмасы:
Ахау!
Алқарай-көк, алай-гөк,
Үкілі қоңыр үйрек
Мақпал да, Мақпал-ай,
Кеткенде жерің шалғай-ай,
Қалдым жүдеп-ай, ау.

Салғанда қара өлеңді тілім майда,
Тілімнің майдасынан көрдім пайда.
Әрдайым медет берсе тіл мен жаққа,
Салайын түрлендіріп осылайша.

Қайырмасы:
Ахау!
Алқарай-көк, алай-гөк,
Үкілі қоңыр үйрек
Мақпал да, Мақпал-ай.
Кеткенде жерің шалғай-ай,
Қалдым жүдеп-ай, ау.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері