Өркендей бер, Отаным
- 1
- 1
Даланы қара түнек басқан кезде,
Үстем боп алпауыттар, тасқан кезде,—
Саз беріп күншығыстан таң белгісі —
Дүниеге қызыл нұрын шашқан еді.
Бұл бетте «Күн» атты Қасым Аманжолов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Даланы қара түнек басқан кезде,
Үстем боп алпауыттар, тасқан кезде,—
Саз беріп күншығыстан таң белгісі —
Дүниеге қызыл нұрын шашқан еді.
Күндей шалқып күлгенің —
Шаттығыңның нұры ғой;
Шат боп өмір сүргенің
Заманыңның сыры ғой.
Аялаған айдын көл де,
Ұқсап бейне аққуға,
Астанаға келдің сен де,
Қарындасым Марпуға.
Шұбар тауға шарықтап,
Жетші жылдам, өлеңім,
Аққудайын аруға
Айтшы, ақынның сәлемін.
Інжу
Күшті