Өлең, жыр, ақындар

Горький

  • 20.07.2018
  • 0
  • 0
  • 1436
Адам еді елім сүйген,
Ойы мұхит, ақылы өрен.
Сарқылмайтын жан азығы,
Суы кәусар түпсіз терең.
Сан.қылдаған тау қыраны
Болат тұяқ күшті берен.
Қаламынан нұр тамылжып
Қызыл тулар желпілдеген.
Октябрьдің сұңқары еді,
Ардақты аты Горький деген.
Көркем сөздің дариясы
Горький халық — Горький өлең.
Горький істің дауылпазы
Тоншысымен бұлтты іреген,
Горький өмір гиганты ғой.
Төбесімен көк тіреген,
Ұлы Максим атағынан
Аспандағы ай да темен.
Оның жарқын келбетінен
Көкте күлген күн де темен.
Шалқар ақыл ұлы мұхит
Көз жұмғанша елім деген.
Онда тіпті жарты ұрық жоқ —
Жерге дән боп себілмеген.
Жүрегінде қасық қан жоқ —
Отанына берілмеген.
Онда тамшы қалған емес...
Жанға нұр боп себілмеген.
Ол жазған том бірге жасар
Біздің жаңа өмірменен.
Жауға тілі оқтай тиер
Сүйген елге шам-шырақтай.
Егескенді шанша түйреп
Қойған емес қансыратпай.
Аса тұлпар қатысар ма,
Төске өрлемей, шыңға шықпай?
Көктің жүзін тебірентіп,
Жұлдыз болып шырқап ақпай,
Сөзінен ай, сөйлемнен күн
Халық үшін туып жатпай.
Алтын елең,
Күміс жырды
Бриллиантша жарқылдатпай
Қойған емес біздің Горький
Күндей күліп,
Таң боп атпай.
Сол Горькийдің өміріне
Қара ниет қастық еткен.
Жүрегіне қанжар сұғып,
Өміріне уын сепкен
Бандиттерге,
Сұмырайға,
Доңыздарға иттен әрі
Мың мәртебе қарғыс айтады.
Жер жүзінің халықтары
Бітсін, дейді дүниеден —
Фашизмнің айуандары.
Жермен-жексен болсын дейді,
Арамызда қалғандары.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Комсомолдар

  • 0
  • 0

Сапта нағыз заманамен бір басқан,
Ұлы Ленин ұрпақтары серігім!
Жаңа өмірдің нұрлы есігін бірге ашқан
Өз есінен шығарады сені кім!

Толық

Түн қатады партизан

  • 0
  • 0

Қаңтар күйі қарт боран
Жынданады айғай сап,
Аш арыстан сымбатты
Азу тісі сақылдап.

Толық

Алғыс саған, партия

  • 0
  • 0

Қазақ едім, надан едім, тар едім,
Тендікке де, бостандыққа зар едім.
Компартия қанат бердің, әл бердің,
Тек кеуде де шыбыны бар жан едім.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар