Совет халқына – Жұмағали Саин

Бұл бетте «Совет халқына» атты Жұмағали Саин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2018
  • 0
  • 0
  • 1592
Сен сүйесің жаныңмен Отаныңды,
Өзің өскен жеріңді, совет елін,
Сен сүйесің аспанда шық қан күнді,
Сен сүйесің, еліңнің келешегін.
Сен сүйесің көсемді, алтын заңды
Бақытың мен арыңдай адал сақтап.
Сен әкем деп атайсың ұлы адамды,
Ол сөзіңді жаныңмен жүрсің ақтап.
Сен сүйесің коммунист партиясын
Өз анаңдай өзегін жарып шыққан,
Адалдығын, ақылын қайыспайтын
Талай өрт пен дауылдан алып шыққан.
Сен білесің, сан асу, дауылдардан
Коммунизм төріне бастар көсем.
Жеңіс пенен өткізіп майдандардан.
Нысанаға жеткізер аман-есен.
Сен ұмытпа, сол өзің сүйген Отан
Шақырғанын «сайлауға, дауыс бер!» деп.
Сен ұмытпа, өз елің, өз партияң
Шақырғанын құрметпен саған кел деп!
Сен ұмытпа, жүректе жанған нұрдың
Құйыларын бір жерге бүгін елмен.
Сен ұмытпа, жеңісі Октябрьдің
Тағы да бір бекірін бюллетеньмен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Совет халқына өлеңінің авторы кім?

Жұмағали Саин — осы өлеңнің авторы.

Совет халқына өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Совет халқына өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмағали Саин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Совет халқына өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері