Ақ кимешек көрінсе
Бұл бетте «Ақ кимешек көрінсе» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Әже, сен бірге жүрсің меніменен,
Өліге мен өзіңді телімегем.
Ақ кимешек киген бір кемпір көрсем,
Ақ кимешек астынан сені көрем.
Өңі-түсі өзіңнен бір аумайды,
Немересін ертпесе жүре алмайды.
Таныс дауыс, таныс сөз, таныс мәсі,
Көзіме оттай басылып, алаулайды.
Аппақтығы ұқсайды әрінің де,
Әжімің де, аумайды тәлімің де.
...Әлемдегі әженің бәрі бір ме?!
Әже, сен тірі екенсің әлі күнге.
Қия өтпейді...
Ұқсайды ізеті де,
(Ізетсізді бұлар да түзетуде.)
Бұлар да бабасынан алып қалған,
Өз жұртының дәстүрін күзетуде.
Әже, сен бірге жүрсің меніменен,
Өліге мен өзіңді телімегем.
...Ақ кимешек көрінсе, сені көрем,
Ақ кимешек жоғалса...
Нені көрем???
Ақ кимешек олеңін таба алмай отырм
Күшті өлең екен
Ақ кимешек өте керемет марқұм әжем есіме түсті тіпті ((((
Кушты екен!!!Менын ажем жок, бырак, нагашы ажем бар!!!!
Ақ кимешек көрінсе сені көрем,
Ақ кимешек жоғалса нені көрем!-демекші қазір әжелерімізді жоғалтып жатырмыз.
Мұқағали поэзиясы қазақ әдебиетінде ерекеше орны бар туындылар. Мұзарттың мұзбалақ ақыны Мақатаевтың өлеңдері өміршеңдігімен көп жасайтын дүниелер. Өйткені Мұқағалидың кітаптарын жастанып оқитын бүгінгі күні өз оқырмандары бар. Поэзия сүйер оқырманы барда Мұқағали мұралары өлмек емес. Өзі жырлағандай: "...Өлесе өлер, Мұқағали Мақатаев, Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім"-демеп пе еді.
Иа Апамды есиме тусирди
Маған өлең ұнады бiрақ менiң екi апам да тiрi
Өте мағыналы жазылған.Менін əжелерім жок.Сағынып кеттім əжелерімді.
Мұқағали Мақатаев атамыздың өлеңдерінің бәрлығы мағыналы зор маған ең қаты ұнаитын ақын Мұқағали Мақатаев
өлең өте ұнады,екі әжем де тірі Өлең мағынасы өте терең
Маған өте қатты ұнады♡♡♡
Мен ак кимешек олени оте ерте заманда пайда болды
Иә өте керемет,маған ұнады
Керемет ақын поэмалары да керемет сөз жоқ.Мағынасы терең.
Өте күшті
Күшті өлең екен. Марқұм әжем есіме түсіп кетті
Мен бұл өлеңді жаттап сахнада айттым осы өлеңнің арқасында шапалақтың астында қалдым Рахмет
Өте керемет
Мәссаған, қандай керемет өлең. Осыны оқысам бірден апам есіме түсті
Өте керемте
Нормално
Керемет
Өте керемет, мен енді осыны өз апамнын туған күніне арнап айтап берем
Бізге сыныппен осы шығараманы жаттауға берді🤭
Мектебіме рахмет осындай өлеңмен таныстырған! Сайтқа рахмет осындай өлеңмен бөліскен!