Аңса, жаным
Бұл бетте «Аңса, жаным» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мен тілейін.
Жарқыным, сен де тіле:
Жақсылық орнасын де жер бетіне.
Аққу тіле айдынның келбетіне,
Айдын тіле аққуды тербетуге.
Мен аңсаймын.
Сен-дағы аңса жаным:
Жақсыдан жайлап ескен жан самалын.
Аңса, жаным,
Зарығып, шарша, жаным,
Қалса да қанша ғұмыр, қанша амалың.
Аңса, жаным!
Мен сағынам.
Сен-дағы сағын жаным,
Адамнан тек жақсылық табылғанын,
Ашусыз, ала көзсіз бауырлардың,
Аңсаймын алқам-салқам қауымдарын.
Көңілім болса-дағы қанша жарым,
Солармен білінбейді шаршағаным.
Жақсыдан жайлап ескен жан-самалын,
Жабықпай аңса жаным,
Аңса, жаным!..
тамаша
Керемет екен
Мұқағали мен үшін ең керемет ақын
Мен Мұқағали атамыздың өлеңдері керемет
Мен Мұқағали атамыздың өлеңдрін жаксы коремін
Атамыздың өлең шумақтарын оқыған сайын ғашық болам əрқашан поэзияға. Керемет.Тамаша.
Оте кушты
Мен М.Мұқағали атамыздың өлеңдерін тез жаттаймын мысалы 1 күнде 2-3 өлеңін жаттап аламын әрі менің мәнеріме келеді