Өлең, жыр, ақындар

Ғибрат өлең

  • 10.08.2018
  • 0
  • 0
  • 4210
Бірінші сөз

Дүние малын тамам ғып,
Қарын көзі тойған жоқ-ты,
"Сонда пенде- ойлады (айлады) Мұса,
- Құлағына алған жоқ-ты!"
Адамзаттың бәрін алып,
Қара жер қойынға салып,
Ағуз миуқаш дұға(дыһа) болып,
Сұм қара жер тойған жоқ-ты!
Алла иадын айғанлар,
Ханқат мешіт салғанлар,
Құран кітап оқығанлар,
Олар (алар) мұнда қалған жоқ-ты.
Ғанибет дүр білсең бұ дәм,
Ажал келсе, қоймас бір дем.
Парасат тілеп Бибі Мариям
Ғазірейілден қалған жоқ-ты!
Күнәкарым болмай осы,
Пәле жоқ-ты (иоқты) сақтаса (сақласа),
Құда Балық ішінде хазірет Иүніс,
Қараңғылық көрген жоқ-ты!
Барша кісі бұл жаһаннан (жаһандан)
Құтылмақ жоқ (иоқ) Ғазірейілден!
Сират атлығы мінізілгеннен,
Отыма (оғта) мұнша күлмек жоқ-ты!
Жалғыз қылың ұзақ жол-а (иола),
Баға алмассың сахи ұсыла,
Неше ел жылап айтсаң нала,
Зарың қабыл болған жоқ-ты!
Үстіме пәрмен қылды Жалил,
Сахи саламат Хақты Халил,
Құрбандық қылғанда Исмағұл (Исмаил),
Пышақ бұғаз шалған жоқ-ты!
Дүние дүрі өтер әрдем,
Көшсе керуен қонар бір д[ем],
Жер қойнына басып қадам,
Барған қайтып келген жоқ-ты!
Хуажа сид мүрит пірден,
Барған қайтып келмес көрден!
Аңсары сол пайғамбардан
Төрт пайғамбар өлген жоқ-ты!
Келсе бір күн Хақтан пәрмен,
Жоқ дүр құтылмағыңа дәрмен.
Мың жасаған хакім Лұқман
Өлімге хайла қылған жоқ-ты!

Екінші сөз

Әуел бастан туғызған Адам,
Тумай адам, өліп болмас!
Құдай бермеген дәулетті
Қайратпенен (Ғайрат билан) алып болмас!
Сырыңды айтпа Нәмірідке,
Ішің толар қайғы-дертке!
Өзі болмаған жігітке
Кісі жақсы (ихшы) қылып болмас!
Қарамаң[дар] Нәмірд жүзіне,
Хақарт (қаһар) тисін өзіне,
Бір шұғыл пасық сөзіңе –
Көрмейінше, нанып болмас!
Әркім сүйер қара көзді,
Кім сүймейді ару жүзді.
Өзін білмес далба (дилбе) қызды
Малын беріп алып болмас!
Ай-дайын көңілің толмаса,
Астыңа төсек салмаса,
Ғиррат әкрам қылмаса,
Оны алмақ еп (айып) болмас!
Егер көңіліңе жетпесе (итмесе),
Келгенде атың, тұтпаса,
Келген мейманды (михманды) күтпесе,
Шорыдан өткеріп болмас!
Жақсы болса, адам дейді,
Жаман болса, хайуан дейді.
Тіл алмаса, қабан дейді-
Базарға айдатып болмас!
Ғазиз жаным болса тәнде,
Бес уақыт намаз айласа күнде.
Неше құп алса пенде,
Ажал жетпей, өліп болмас!
Піріміз дүр шат мірден,
Дін жолында берді-лер жан,
Қышқырылса Хамит азан,
Естігендер қалып болмас!
Хош жігіттен дәулет қашса,
Қор боларсың ғақылың шақса,
Бір мумин басқа іс түссе,
Өзін білген күліп болмас!
Бір хош жігіт атсыз болса,
Ұрыста жарақсыз (иарақсыз) болса,
Өзі және үриятсыз (піриатсыз) болса,
Онан (анден) артық ғазап болмас!
Бір хош жігіт өлсе,
Оның малы талан болса,
Құдайдан үмітің болса,
Бір пұлын алып болмас!
Әр пенде жығылар Құдаға,
Құдайдан жаным садаға!
Шақыр маған мығыркаға
Кід Құдалар барып болмас!
Мағрип-дер- бұ не істе,
Аспаннан төрт кітап түсті.
Құдайдың құдіреті күшті,
Ғапіл адам біліп болмас!

Үшінші сөз

Адам ұғлы, бес ісіңді,
Бір жайт білгіл.
Ақыреттің жолы жақсы дүр,
Ақыретін ғақыл адам һәм етер.
Ақымаққа дүние малы жақсы дүр,
Хош жігітті жай тисе (өтсе) өзінен,
Шауаш күні шаншар мірді көзінен!
Әркім табылмаса айтқан сөзінен
Тоғыз ойнас тұтқан қатын жақсы дүр!
Досын дұшпан біліп,
Сырын көзлеген.
Қайыр сыйын тәрк етіп
Бір сөз сөйлеген (сөзлеген),
Құдайды ұмытып, жалған сөзлеген,
Діні мүңкір келген ізет жақсы дүр!
Сөз мағынасы шығар бір жақсы жайдан,
Бейхабарлар айырыла түсер Құдайдан.
Қайырсыз, зекетсіз, ғұшыршыз байдан
Елсіз, пұлсыз жүрген кедей жақсы дүр!
Ақымақтан хабар ал, ғақыл - айтқаннан,
Сені қоймай шығар, үрлер отыннан .
"Тірік мен!"- деп, күн шыққанша жатқаннан,
Иман билан жатқан өлік (өлүк) жақсы дүр!
Хош жігіт үйінен мейман (мыһман) өткермес,
Әр үш (ұрым) күні басыңа (басшыға) қиқу еткермес.
Бір нәміртке барсаң, ісің біткермес!
Қолын беріп шыққан азат жақсы дүр!
Жоқтан бізді, жесімімізді бар еткен,-
Ғақылсыздар Хақтың ісін ғар еткен,
Би ғамал салынған бұзық күпіріктен,
Жаһаннам үстінде сират жақсы дүр!
Жол білмесең, жол сұрағыл білгеннен.
Көңіл үзбе бір сөзінде тұрғаннан!
Иман бірле қырық жыл дәурен сүргеннен,
Жақсы бірлан бір дем сұхбат жақсы дүр!
Көрдім дүниеде жақсы иманы,
Жалғаншыда(ны) болмас ант аманы.
Бір - ақ үйге барсаң, алмас мейманы,
- Бір шөлде салынған күмбез жақсы дүр!

Төртінші сөз

Қырғыз келіп, елің "көш-көш!"- болса,
Түйең басын ете-ете кетерсің!
Ажал келіп, бір күн саған түс болса,
Ақырет қамын ете-ете кетерсің!
Хош жігітні[ң] жақсы болса перзенті,
Мейман атын тұтып, етер қызметті.
Өлгенше басында болса дәулеті,
Дариядайын аға-аға кетерсің!
Нақ сұм айтұр: -
Дүние-малын ал!-дейді,
- Әр жайыңды талаппенен сал!- дейді.
- Қайыр қылма, тастан қатты бол!- дейді,
Мумин көңілін жыға-жыға кетерсің!
Не жананлар өтті эр заман билан,
Хақ бұйрығын тұтты нұр иман билан,
Кімра пенде : "Дүние!"- десіп, жан билан,
Та[п] өлгенше жыға-жыға кетерсің!
Ер жігіттің абыройы кетер аш болса,
Егіні де, тоны жоқ, жалаңаш (иалаңғаш) болса,
Жаман қатын жақсы ерге туыс болса,
Бығырың отқа жаға-жаға (иаға) кетерсің!
Тілің қысқа болар, малың болмаса,
Абыройың ашылар, туың болмаса,
Дастарқанда берер наның болмаса,
Мейман келсе, бұға-бұға кетерсің!
Әркімді үйінде жалы болса да,
Мейман алмас - аш, наны болса да,
Харондай хисапсыз малы болса да,
Лағынет айтып, сөге-сөге кетерсің!
Дүниеде мың танап бағың болса да,
Aт, жарақ, аспап жайың болса да,
Парша-парша қызыл зәрің болса да,
Қолың жуып, шыға-шыға кетерсің!
Қадір мәулан баз нәмірдке мал берер,
Дүниені[ң] мехнатын басқа салар (салұр),
Артында перзенті рақатын көрер (көрүр),
Сен ғазабын шеге-шеге кетерсің!
Ел-ел сайын қарайды адамны[ң] көңілі,
Нәпсі мықтым оңар қалмады пиғылы,
Лағынет шайтанды итмұрыз инжірі,
Кір дініңе таға-таға кетерсің!
Адамзат жаман-ды: нәпсі үшін жортар,
Қиямет күн әркім жазасын тартар!
Хирайшы кем болып, шұғыллық артар,
Жыландайын шаға-шаға кетерсің!
Тән-саулық, бірінші дүр, қадірін білмессің,
Кәрілік (қарилық)- бір хастелік: шүкірін қылмассың,
Жігітлік кібніх бір (кебінім) дүр, ада болмассың,
Қолың кибниққа соға-соға кетерсің!
Он бесте көз гудей хасен раушаның,
һай, һай, жігітлігім қызыл кашним,
һай,һай,менің жиырма бесім, отызым,
Жолбарыстай соға-соға кетерсің!
Қырық жаста кет хызалыққа тұтылар атып,
Елу (елік) жаста бұрынғыдай болмас қайратың
Алпыс жаста белден кетер қуатың
Көзде[н] жасың төге-төге кетерсің!
Мағрұф егер өлер жетпісте, білің,
Денеден түсіп, көзден кетер раушаның!
Сексенде не тірігің, не өлігің
Түйедейін шөге-шөге кетерсің!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мәшһүрдің қырық алты жасында сөйлегені

  • 0
  • 0

Мәшһүрден келе жатыр өнер қайнап,
Бұлбұлдай қапастағы тұрған сайрап.
Самарқан, Бұқар, Ташкент- бәрін кезген,
Жасында бір кем отыз Тәңірім айдап.

Толық

Дойбының ойыны

  • 0
  • 0

Оттай боп қызыл гүлдің көрінісі,
Бұлбұлдың, шыдай алмай, күйеді іші.
Сайрайды дамыл таппай ауық-ауық,
Дәнеме (дәңке) жоқ оған түсер, Хақтың ісі.

Толық

"Айқап" туралы

  • 0
  • 0

Жұрт алды деп, алады бәрі де "Айқап",
Ешқайсысы білмейді оқып, байқап.
Алған бала сандыққа тастай беріп,
Әке жүр: "Құр шығын" - деп, басын шайқап.

Толық

Қарап көріңіз