Прикамье – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Прикамье» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.08.2018
  • 0
  • 0
  • 1357
Прикамье көнелердің көзіндей,
Көреді ол бар ұлтты да өзіндей.
Көпті кешкен абзал жаны алаңдап,
Ақ таңды да атырады көз ілмей...
Прикамье көрген өмір жоқтығын,
Бүгін сенің биік тұр ғой, шоқтығың!
Байлығының көрсеткендей көптігін,
Бұлақ аунар домналардан от — бұрым.
Кама үстінде қалғып кетіп күміс күн,
Күмбезіңнен жымыңдайды мың ұшқын...
Қала ішін жәрмеңкеге толтырып,
Ағылады заводтардан жұмысшының.
Әне тұнып ырғалады орманың,
Білем, сенің — қайсар дейтін, өр жаның.
Орындалып жатыр бүгін бәрі де,
Кешегі бір жете алмаған арманың!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері