Зәуреге барғанда – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Зәуреге барғанда» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.08.2018
  • 0
  • 0
  • 1668
Қашан да ой арқалаған зіл-батпан,
Жолаушымын, арманына тіл қатқан.
Көңілінде алаңы көп бір жанмын,
Көкірегінде тынши алмай күй жатқан.
Шатқал анау, төсінде өзен тулатқан,
Тек өзінше әндетеді тулап маң.
Дүбірлетіп тұлпарының тұяғын,
Бала шауып келе жатыр үй жақтан.
Қандай құдірет, бар маңайды жырлатқан,
Тынышымның сыр қақпасын кім қаққан.
Елеңдеймін әлде кімнің әніне,
Болармын ба сабырымды ұрлатқан.
Зәуре өзені сырнай тартып, ән қосам,
Мәз болады —
Көбелек қуып Жанботам.
Мұншалықты сұлулықты көрмес те ем,
Егерде мен
Дала қызы болмасам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері