Болады деп арманда
Бұл бетте «Болады деп арманда» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
- Ал енді мен ақыл айтам,
Ақыл айтам, таңданба.
Қорлық үшін келген жоқсың мына өмірге,
Жалғанға.
Мына өмірде, жүрегіңде,
Бойыңда ыстық қан барда.
Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!
Ал енді мен ақыл айтам,
Ақыл айтам таңданба!
Мәзіріңе, әзіріңе әулекі боп,
Алданба!
Шығатұғын күндерге де,
Ататұғын таңдарға,
Үмітпенен қарағайсың, жүрегіңде жан барда.
Өтер кетер, өтер кетер...
Дейміз ғой біз мұңайып.
Дейміз-дағы, жамаймыз кеп, бір айыпқа
Бір айып.
Отандастар, ойлайықшы, ойымызға лайық,
Құласақ та, тек биіктен,
Құзға барып құлайық!
Бықсып жанған қоламта емес,
Артымызда шоқ қалсын.
Болашақтың ойнағында,
Біз тұтатқан от жансын,
...Ей, Болашақ!
Ей, Болашақ! Ошағында от жансын!
Мүмкін, бізді ұмытарсың..
Кім біледі?..
Жоқтарсың...
Дұрыс айтылған
Алла разы болсын! Өте жақсы
Керемет
Өте әсерлі
күшті мағыналы және өте әсерлі
Мұқағали Мақатаевтың Болады деп арманда дген өлеңі ұнады
Керемет айтылған
Бугын Алтынордада тамактанып отырганымызда быр кысы Мукагали Макатаевтын кытабын жогары котерып дал осы олен жолдарын микрафонмен айтып бара жатканын коргенбыз "болмысты да,болмасты да, Болады деп арманда деген жолдары кулагымда шалып калды гугылды ашып ыздеп ыздедым оленды тауып окыдым оте керемет айтылган екен оте катты унады
Керемет маған қатты ұнады
Мәтінде бір қате кетті. - "Болашақтың ойнығында" емес "Болашақтың ошағында" болу керек
Мұқағали Мақатаевтың «Болады деп арманда» өлеңі — үміт пен жігерге толы поэзия! Бұл шығармада ақын өмірдің өткінші қиындықтарына қарамастан армандап, үмітпен болашаққа қарай жүру туралы даналық ойларын жеткізеді. Өлеңдегі «Болмысты да, болмасты да, болады деп арманда!» деген жолдар адамға жарқын көңіл мен рухани жігер береді.
Мұндай терең ойлы шығармалар қазақ әдебиетінің байлығын көрсетеді және поэзия сүйер оқырман үшін міндетті түрде оқуға тұрарлық!