Бұзылған үй

Бұл бетте «Бұзылған үй» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.04.2015
  • 1
  • 12
  • 30350
Тәкаппар таулар жатқан жан-жағында,
Барып қайт салқын жайлау, малды ауылға.
Бір жер бар «Қарасаз» деп аталатын,
Көресің жолың түсіп барғаныңда.
Көресің көк орманын, жылғаларын,
Мөп-мөлдір қайнап шыққан тұнбаларын.
Жылғаның жағасында бұзылған үй,
Сен соған ей, жолаушым, бір қарағын.
Кес-кестеп кісі жолын торымаған,
Осында тірлік еткен момын адам.
Қаншама тырбанса да шаруаның
Дәулеті бір-біріне қорымаған.
Өмірде өзін-өзі ол құл көріпті,
(Киіпті ауыстырмай бір бөрікті...)
Байғұстың барша жұрты тілек тілеп,
Үйіне тұңғышы боп ұл келіпті.
Той жасап, торқа төсеп шабылмаған,
(Демек, тойдың жабдығы табылмаған.)
Өмір дейтін өзгермес мекеменің
Алдында әжем мені қабылдаған.
Кейін әкем ел-жұртын басқарыпты,
(Қашанғы жарғақ бөркі тасталыпты.)
...Жағасында жылғаның бұзылған там,
Ғұмырым осы жерден басталыпты.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (12)

қанағат ақерке

Мұқағали Мақатаевтін *Тәуелсіз елім* деген өлені барма?

Қаламқас

Мұқағали Мақатаевтың суретін басып қарап көруге болады

Өте керемет

Мерей

Өте мағыналы

Нәрлі

Өте керемет әрі мағыналы маған қатты ұнады

Айша

маған да қатты ұнады

Аяулым

Айша сен қай айшасын

Аяулым

Мағанда ұнады

Моля

Осы өлең керемет

Әли

Өлен өте керемет

Гүлнар Сейітқазы

Мұқағали Мақатаевтың «Бұзылған үй» өлеңін оқып, қатты әсерлендім. Бұл өлең – қазақ поэзиясындағы ерекше орын алатын, жанрлық тұрғыдан да көркемдігі жоғары туынды. Мектеп оқушыларына да, үлкендерге де оқуға ұсынамын. Мақатаевтың қаламына тәнті болдым. Рахмет, ақын!

Осы автордың басқа өлеңдері