Кәрілік – Жамбыл Жабаев

Бұл бетте «Кәрілік» атты Жамбыл Жабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.08.2018
  • 0
  • 0
  • 8162
Көкірегің күрілдеп,
Көздің алды іріңдеп,
Қаз-қаз басқан баладай,
Буындарың дірілдеп;
Қартайған соң, немене,
Хауіп ойлайтын күнің көп.
Айлашы екен кәрілік,
Бірге түнеп, бір жүріп,
Сыр білдірмей, сұрамай,
Не көрсетіп тонамай,
Мүшеңді алған біріндеп...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері