Ей, Бауырым!
Бұл бетте «Ей, Бауырым!» атты Мұқағали Мақатаев жазған бауыр туралы өлең берілген.
Ей, Бауырым!
Heгe сонша сарғайдың?
Қапалансам, менің-дағы бар қайғым.
Мен жұртыма мұңымды емес,
Жырымды,
Қуанышым-шаттығымды арнаймын,
Қайғы-мұңы неге керек бір бастың,
Елім барда, есеңгіреп тұрмаспын.
Күндер маған көлеңкесін түсірсе,
Халқыма кеп, сырымды айтып, мұңдастым.
Қайтер дейсің қара бастың толғағы,
Өтер-кетер,
Шаруа ғой қолдағы.
Абдырасаң, арқа тірер айбының,
Асқар тауың күрсінбесе болғаны.
Ей, Бауырым!
Heгe сонша мұңайдың?
Мен мұңайсам, сенен бетер жылаймын.
Көп ойланып, аз күрсінген халқыма,
Қараймын да,
Қайраттанам, шыдаймын.
Ерікті елміз, бүлінбеген қорғаны,
Бәрімізге белгілі ғой ол жағы.
Қайтер дейсің қара бастың толғағы,
Тек жұртымыз күрсінбесе болғаны.
Жүрекпен жазылған керемет өлеңдер
Бауырлар аман болсын!!!
Өте күшті
өте керемет
Батыр
Мұқалидің өлеңдеріне жетсін шіркін!
Өте керемет адамга ой береді
Мұқағали қазақтың маңдайына бітіп ерте туып еш заманның маңдайына симаған ақиық ақын ғо
Керемет!Мағынасы күшті
Өте күшті
Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері өте өте күшті маған қатты ұнайды!!
Керемет
Керемет Мұқағали атамыз қайтыс болмаған да ғой
09.05.2021 1046 керемет
Өте керемет
Мұқағали Мақатаевтың Ей, Бауырым! өлеңі ұнады
Мұқағали Мақатаев
Ей, Бауырым! - супер!
Ей, Бауырым
Ана
Керемет мен Мұқағалидін 23 тақпағын білемін
Мұқағали Мақатаевтың «Ей, бауырым!» өлеңі бауырмалдық, адамгершілік пен жан жылуын терең суреттейді. Ақынның шынайы тілі мен жүректен шыққан ойы қазақ поэзиясының рухани құндылығын айқын көрсетеді. Өлең тәрбиелік мәні жоғары, оқырманды ойға жетелейді.