Тал бесік – Күләш Ахметова

Бұл бетте «Тал бесік» атты Күләш Ахметова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.08.2018
  • 0
  • 0
  • 4628
Қара бұлт қаптаса да аспан, айды,
Түссе де найзағайдай басқа қайғы.
Үдеріп үрейленіп көшкенде де,
Жұртына қазақ бесік тастамайды.
Сондықтан сан көбейген, өсіп халық,
Жау тисе, жан қорғауға машықтанып,
Алтынын көміп кетіп,
Ата-бабам
Көшіпті балалар мен бесікті алып.
Халықтың көбейгенін армандармын,
Өзінше түсінеді жалғанды әркім.
Түлесін тұқымы асыл құлындармен
Даласы тұлпарлардың, тарландардың,
Ойланам жылды жылдар асықтырса,
Ғанибет — халық басы өсіп тұрса!
Қазақтың ертеңінен үміті зор —
Үйінде тербетілген бесік тұрса.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері