Шекарашы

Бұл бетте «Шекарашы» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.09.2018
  • 0
  • 0
  • 5572
Қауіптен сақтандырып ел-ананы,
Күзетіп сен келесің шекараны.
Өзіндей қырағы ерлер тұрған шақта
Еркіндеп табиғат та дем алады.
Көтеріп жүргеннен соң заман жүгін,
Көңілде болған шығар алаң күнің.
Дүбірі басылмаған жер шарының
Тілейсің бүтіндігін,
Амандығын.
Жатса да тұтас тауды сызық бөлігі,
Мен оған қарамаймын қызық көріп.
Тыныстап бір қиырда қыран отыр,
Аспанды шекарасыз жүзіп келіп!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шекарашы өлеңінің авторы кім?

Марфуға Айтқожина — осы өлеңнің авторы.

Шекарашы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шекарашы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Марфуға Айтқожина өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шекарашы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері